Алматы, ул. Жандосова, 60А
офис 207, угол пр. Гагарина
Режим работы:
с 10:00 до 20:00
заранее звоните
Запишитесь на курсы
прямо сейчас!
В подарок учебник ПДД!

Добро пожаловать!!! Статьи

Бүгін Мәжілісте «Автомектеп» жүйесінің жұмысымен жүргізуші куәлігіне емтихан қабылдау тәртібі талқыланды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің атына көлік құралдары жүргізушілерін даярлау саласындағы республикалық кәсіби бірлестіктер консорциумының мүшелерінен, сондай-ақ жүргізушілерді даярлайтын оқу ұйымдарынан көптеген өтініштер келіп түсуде. Аталған өтініштер негізінен «Автомектеп» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмысын және көлік құралдарын басқару құқығына емтихан қабылдау тәртібіне байланысты өзекті мәселелерді қамтиды.

Осы мәселелерді жан-жақты әрі мазмұнды қарау мақсатында бүгін Мәжілісте “Ауыл” партиясы фракциясының депутаты Анас Баққожаевтың жетекшілігімен дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Ішкі істер министрлігінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың және ел аумағындағы автомектептер мен кәсіби қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар ақпараттық жүйенің техникалық іркілістері, емтихан тапсыру рәсімдерінің ашықтығы, сондай-ақ қолданыстағы тетіктердің жүргізушілерді даярлау сапасына және жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсері сияқты бірқатар түйткілді мәселелерді көтерді және барлық мүдделі тараптардың қатысуымен сындарлы диалог жүргізудің маңыздылығын айтты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді қосымша зерделеу, ұсыныстар әзірлеу қажеттілігі мен қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыру ықтималдығы сөз болды.


Сегодня в Мажилисе обсудили проблемы системы «Автомектеп» и порядок приема экзаменов для водителей.

В Мажилис Парламента РК продолжают поступать многочисленные обращения от членов Республиканского консорциума профессиональных объединений по подготовке водителей транспортных средств, а также от учебных организаций, осуществляющих обучение водителей. Основная часть обращений связана с проблемными вопросами функционирования автоматизированной информационной системы «Автомектеп», а также с действующим порядком приема экзаменов на право управления транспортными средствами.

В целях всестороннего, предметного и открытого обсуждения накопившихся вопросов сегодня в Мажилисе Парламента РК под председательством депутата фракции "Ауыл" партиясы" Анаса

Баккожаевасостоялся круглый стол с участием депутатов, представителей Министерства внутренних дел,профильных государственных органов, экспертного сообщества, автошкол и профессиональных объединений со всех регионов.

В ходе встречи участники обозначили ключевые сложности, с которыми сталкиваются учебные организации и будущие водители: технические сбои в работе информационной системы, вопросы прозрачности экзаменационных процедур, а также влияние существующих механизмов на качество подготовки водителей и безопасность дорожного движения в целом. Участники круглого стола подчеркнули необходимость конструктивного диалога и совместной выработки решений, направленных на совершенствование системы и нормативных процедур.

По итогам обсуждения прозвучали предложения о дальнейшем анализе озвученных проблем и подготовке рекомендаций для рассмотрения внесения изменении в действующее законодательство.